Жаңалықтар

Кино орталығының қызметкері «Дарын» сыйлығын алды

Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Топ жарғандар қатарында Ұлттық киноны қолдау орталығы киножобаларды өндіру бөлімінің басшысы Әділет Омаров бар. Марапаттау кезінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елде ортақ принциптер мен мақсаттарды ұстанатын прогрессивті әрі дарынды буынның өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Сіздер – халықтың үміті мен тірегісіздер. Ел Президенті жастар үшін үш басты бағдарды үнемі айтып келеді, бұл - білімге ұмтылу, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл – мықты әрі табысты ұлттың негізі болатын үш тұғыр. Демек, ұлттың болашағын сіздер айқындайсыздар. Сондықтан Мемлекет басшысы сіздерге үлкен үміт артады. Мемлекет өз тарапынан жастарды жан-жақты қолдауды жалғастырады», – деді министр.
2024-12-12 12:26