Жасанды интеллект технологияларын пайдалану биылғы киножобалар конкурстық іріктеуінде қолданылған жаңа шешімдердің біріне айналды. Қазақстандық Silence AI стартапы Кино орталығы үшін тестілік форматта екі бот әзірледі: біріншісі — Telegram желісінде өтінім мәртебесін тексеруге арналған, екіншісі — өтінімдерді техникалық өңдеуге бағытталған.
Ал жобалардың шығармашылық мазмұнына көркемдік және кәсіби сараптама жүргізу жұмыстары бұрынғыдай Сараптама кеңесінің құзырында қалады.
«Біздің міндетіміз — күнделікті қайталанатын процестерді автоматтандыруға көмектесетін құрал жасау болды. Біз Кино орталығына өтінімдерді өңдеу процесін жеделдетуге көмектесетін бот әзірледік. Жасанды интеллект құжаттардағы қателерді анықтап, рәсімделуінің дұрыстығын, құжаттар топтамасының толықтығын және белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Алайда жоба мазмұны мен оның әлеуетіне баға бермейді. Ал екінші бот конкурс қатысушыларына өтінімдерінің мәртебесін бақылауға мүмкіндік беріп, байқаудың алғашқы кезеңінде тиімді құрал болды», — дейді Silence AI стартапының CEO-сы Иман Зейнуллах.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали жасанды интеллектіні енгізу конкурстық іріктеу процестерін оңтайландыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі екенін атап өтті.
«Бүгінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту түрлі саладағы тиімді жұмыстың маңызды бөлігіне айналып отыр. Кино орталығы конкурстық іріктеу процестерін оңтайландыру мақсатында заманауи құралдарды тестілік форматта енгізуде. Жасанды интеллектіні пайдалану көптеген өтінімдерді техникалық өңдеу уақытын қысқартып, мамандарға түсетін жүктемені азайтуға және процесті барынша ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. Дегенмен әрбір киножоба бойынша негізгі шешімді киноиндустрияның кәсіби сарапшылары қабылдайды», — дейді Құрманбек Жұмағали.
Еске салсақ, конкурстың үшінші кезеңі — питчингке 95 киножоба жолдама алды. Жобаларды ашық қорғау 22-24 мамыр күндері Алматы қаласында өтеді.