новости казакша

«Граждане крыши» фильмінің түсірілімі жүруде

Ұлттық кино орталығының қолдауымен «Граждане крыши» фильмінің түсірілімі жүруде.
«Граждане крыши» – былтыр питчингтен өтіп, Ұлттық кино орталығы қолдаған 18 киножобаның бірі. Ибатолла есімді жігіттің жүріп өткен жолын, өміріндегі маңызды оқиғаларын баяндайтын фильм әлеуметтік мәселелердің шетін ақтарады.
Гүлшат Смағұлова режиссерлік ететін, «Дебют» номинациясы бойынша топ жарған жоба бойынша жұмыс қызу. Қазір фильмнің сапалы шығуы үшін шығармашылық топ барын салуда.