Режиссер Жаннат Алшанованың «Победителей видно на старте» (Becoming) дебюттік фильмі халықаралық кинофестивальдердегі көрсетілімдерін жалғастыруда. Туынды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен «Accidental Films» кинокомпаниясы тарапынан түсірілген.
Картина Music & Cinema Marseille (Франция), CinemAsia Film Festival (Нидерланды), Alternativa Film Festival (Колумбия) және SXSW London (Ұлыбритания) сияқты халықаралық кинофестивальдердің бағдарламасына енді.
Фильм Франция (Films de Force Majeure), Нидерланды (Volya Films), Литва (M-Films) және Швеция (Kjellson & Wikе) компанияларымен халықаралық копродукция аясында жүзеге асырылды.
Сюжет өзегінде – 17 жасар Мила есімді қыздың оқиғасы. Ол ашық судағы жүзу командасына қосылып, өз тәуелсіздігін табуға ұмтылады және отбасылық қиындықтарды артта қалдыруға бел буады. Алайда шешуші сәт жақындаған сайын Миланы өмірін түбегейлі өзгерте алатын таңдау күтіп тұр.
Басты рөлдерді Тамирис Жангазинова (Мила), литвалық актер Валентин Новопольский, Әсел Қалиева және Медина Сагиндыкова сомдады.
«Победителей видно на старте» фильмінің дүниежүзілік премьерасы 2025 жылғы тамызда Локарно халықаралық кинофестивалінде өтті – бұл Еуропадағы ең беделді кинофорумдардың бірі.