Жаңалықтар

Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

2026-06-18 17:25
Ведомствоаралық комиссияның отырысы өтіп, онда мемлекеттік қолдауға үмітті киножобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды. Комиссия Сараптама кеңесі ұсынған, жоғары әлеуетке ие және отандық кинематографтың дамуына және ұлттық құндылықтарды ілгерілетуге үлес қоса алатын жобаларды қарады.

Отырыс қорытындысы бойынша комиссия дауыс беріп, 18 жобаны қолдауға ұсыным берді.

Жалпы конкурсқа анимация, деректі, көркем фильмдері санаты бойынша 323 өтінім тіркелген. Сараптама кеңесінің қарауына 277 жоба жолданды. Бағалау нәтижесінде 107 сценарий мен сценарийлік жоспар екінші кезеңге өтті. Бұл кезеңде қатысушылар толық құжаттар пакетін ұсынды. Нәтижесінде 95 жоба питчингке жолдама алды.

22–24 мамыр аралығында Алматы қаласында киножобаларды ашық қорғау өтті. Нәтижесінде ұлттық фильм мәртебесін алуға үміткер 34 киножоба Сараптама кеңесінің оң қорытындысын алды. Питчинг Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының ресми YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетілді. Аталған шара конкурстық рәсімдердің ашықтығы, жариялылығы және объективтілігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.