III Бішкек халықаралық кинофестивалінде режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерлан Төлеутай «Ең үздік актер» бәйгесін жеңіп алып, «Ақ Ілбіріс» мүсіншесіне ие болды. Қазылар алқасы оның кейіпкер бейнесін ашып, көрерменге терең жеткізе білгенін жоғары бағалады.
Фестиваль 26 елдің қатысушыларын біріктіріп, Орталық Азия киноөнерін дамытуға арналған маңызды алаңға айналды. Биылғы жылы ұйымдастырушылар бауырлас қырғыз елінің бай фольклорлық мұраларынан арнайы бағдарлама әзірлеп, 30-дан астам көркем және деректі фильмдерді үлкен экраннан көрсетіп, жетекші сала өкілдерінің шеберлік сабақтарын және жас кинематографистер үшін жүлде қоры бар питчинг сессиясын өткізуге жағдай жасады.
«Әбіл» фильмін Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.
Фильм есеңгіреп қалған тұрғындармен диалог құру арқылы дискриминация, капитализм тақырыптарын талдайды. Картина тағдыры ауқымды тарихи оқиғалармен астасқан адамдардың хикаясына негізделген.