«АРДФИЛЬМ» фильмді экологиялық тақырыпқа, су мәселесіне қатысты кинофестивальдарда көрсетуді қалайды және олтек ғылыми ақпаратқа ғана емес, ел аузындағы әңгімелерге де негізделген. Мұндай тоғысу эпос, аңыздар мен ертегілерден бастап, ғылымға дейін жалғасқан.
«Біз мамандардың, ғалымдардың зерттеуіне жүгінеміз, олар бізге суреттеп, нақты деректерді айтады. Содан кейін ғана компьютерлік графика арқылы Тетис мұхиты болған кезді көрсетуге тырысамыз. Фильм нақты ғылыми дәлелдерге негізделген және бұл дәлелдер деректі ақпараттық кадрлар түрінде де, тікелей сұхбат түрінде де ұсынылады. Адамдар бұрын қалай болғанын және қазір қандай екенін анық көруі керек. Фильмнің өзіндік сюжеті, кейіпкер мен актер болады, қалғаны құпия.
Біз фильмді коммерциялауды көздемейміз, себебі, бұл – көркем фильм емес, деректі фильм. Оны үлкен кинотеатрларға шығаруға болмайды. Бірақ, монтаж жұмыстарынан кейін телеарналармен келіссөздерді бастаймыз, өйткені бұл кез келген деректі фильмнің жүрер жолы. Күзде осы жобамен көрермендерімізді қуантамыз деп ойлаймыз», – дейді түсірілім тобы.
Айта кету керек, «AРДФИЛЬМ» ЖШС – Ардақ Әмірқұловтың продюсерлік орталығы. Ол – белгілі кинорежиссер, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері.