новости казакша

Құрманбек Жұмағали мәдениет және өнер қызметкерлерін құттықтады

Өмір керуен десек, сол жолда өнер мен мәдениетті, рухани қазынамызды болашақ ұрпаққа бар болмысымен жеткізу жалғасып жатыр.

Саладағы жетістік сансыз. Алдағы уақытта мәртебелі мамандық иелерінің атқарар жұмысы, халық назарына ұсынар жаңалығы да көп.

Бүгінгі кәсіби мерекеде әріптестерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!

Әрдайым абыройларыңыз асқақ, мерейлеріңіз үстем болсын демекпін. Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы

Құрманбек Жұмағали