Қазақ анимациясының қоржынына «Алтын адам» анимациялық фильмі қосылып, Астанадағы Kinopark Saryarka кинотеатрында жабық көрсетілімі өтті. Өмір отын іздеп, Хан тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгері туралы туынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық кино орталығының қолдауымен жарыққа шықты. Анимациялық фильмнің өндірісімен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы айналысқан.

Шығармашылық ұжым фильмнің өн бойына алтын адамның сырты ғана емес, жан-дүниесі, рухы да алтын болу керек деген ұстанымды сыйдырған. Бұл – ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымызды, тарихи тұлғаларымызды дәріптеу, қазақша контенттің салмағын арттыру бағытындағы қадам.
"Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино орталығы бүгінде 117 киножобаға қолдау көрсетті. Оның ішінде 72 көркем фильм, 37 деректі және 8 анимациялық туынды бар. Бұл – ұлттық болмысты дәріптеп, жас ұрпақтың тарихи танымын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Сол жобалардың жарқын үлгісі ретінде бүгін көрсетілімге ұсынылған «Алтын адам» анимациялық фильмін атай аламыз.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазақ тілінде, ұлттық нақышта түсірілген мультфильмдер көп болуы қажет. Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе", – деді Ұлттық кино орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Әділет Омаров.

Шығармашылық ұжым жаңа туынды арқылы балаларды ізгілікке, жан дүние тазалығына баулуды көздеп отыр. Фильмнің режиссерлері – Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы. Сценарий авторы – Әннас Бағдат, Ұларбек Нұрғалым.

«Алтын адам деген кезде балаларда оның ішінде қандай адам болды, оны қандай адам киді деген сұрақ туындайды. Осыған жауап ретінде біз фильмді түсірдік. Ол сырты жылтыраған, алтын-күміспен қапталған адам емес, оның жаны, іші, рухы алтын. Фильмнің негізгі идеясы – осы. Жалпы, фильмді дайындауға қырық шақты анимация мамандары тартылды», – деді «Мұзбалақ» жобасымен танымал режиссер Тұрдыбек Майдан.
Бұған дейін жабық көрсетілімі Алматы қаласында өткен анимациялық фильм көпшіліктің көңілінен шықты. Көрсетілімге көпбалалы аналар қорының қамқорлығындағы балалар, БАҚ өкілдері, дубляж актерлері мен жоба авторлары қатысты.
«Алтын адам» анимациялық фильмі 5 маусымнан бастап еліміздегі кинотеатрлардан кеңінен көрсетіле бастайды.