17-19 қыркүйек аралығында Францияда Қазақстан мәдениеті күндері өтуде. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырып, Қазақстанның Франциядағы Елшілігінің қолдауымен өтіп жатқан іс-шаралар екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтып, өнер мен креативті индустриялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Іс-шаралар бағдарламасында Қазақстан киносы күндеріне ерекше орын берілді. Кино күндерінің шымылдығын көрнекті қазақ режиссері Абдолла Қарсақбаевтың «Алпамыс мектепке барады» фильмі ашты. Қазақ киносының алтын қорындағы фильмдерді цифрландыру және қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жаңғыртылған туындының Францияда көрсетілуінің мәні биыл режиссердің туғанына 100 жыл толуымен де арта түсті. Абдолла Қарсақбаевтың мерейтойы ЮНЕСКО-ның атаулы күндер тізіміне енгізілген.

Қазақстан киносы күндерінің ашылуында Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали құттықтау сөз сөйледі.
«Франциядағы Қазақстан киносы күндері екі ел арасындағы мәдени диалогтың маңызды бөлігіне айналып, жақсы дәстүр қалыптастырды. Жыл өткен сайын француз көрерменінің қазақ киносына деген қызығушылығы артып келеді. Фильмдеріміз арқылы көрермен Қазақстанды, оның тарихын, мәдениетін және бүгінгі тынысын жақынырақ тани алады. Біз үшін кино – ұлттық мұраны сақтаудың ғана емес, бүгінгі Қазақстанды, оның адамдары мен құндылықтарын әлемге танытудың да маңызды құралы. Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыстар жаңа бірлескен жобаларға жол ашып, одан әрі дами береді», – деді Құрманбек Жұмағали.
Бағдарламада қазіргі қазақ киносының таңдаулы туындылары да көрермен назарына ұсынылады. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының қолдауымен түсірілген фильмдер бар. Атап айтқанда, әлеуметтік мәселелерді қозғайтын толықметражды «Игроманка» драмасы және отандық прокаттың көшін бастап, кассадан 1 миллиард теңгеден астам қаржы жинаған «Qaitadan» фильмі.