Дизартрия дертін жеңген Диана Мырзағалиеваның ізденісі ерекше. Өткен жылы ол қысқаметражды «Үміт әрдайым жанымызда» анимациялық фильмінің сценарийін жазды. Режиссер Қуаныш Нағыз оған қанат бітіріп, өткен жылы фильм Ұлттық кино орталығының қолдауына ие болған болатын.
Ұлттық кино орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали Алматыға сапары барысында фильмнің өндірісімен танысты. Қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап, ерекше балаларды қолдау мәселесін қамтыған анимациялық фильмнен көрерменнің түйері көп болмақ.
Айта кетейік, Қуаныш Нағыз «Үш сый», «Менің атым Қозы», «Трансформер тұлпарлар», «Бақашабақ», «Қожанасыр мен ұрылар» сияқты анимациялық фильм түсіруде тәжірибесі бар.