Ұлттық кино орталығы қолдаған және биыл прокатқа шығатын кинокартиналардың қатарында «Игроманка» фильмі бар. Туындыда басты кейіпкер Жұлдыздың ішкі жан дүниесіндегі дағдарыс суреттеледі. Жұлдыз – орта жастағы қазақ әйелі, оның құмар ойынға тәуелділігі өзін тұтастай жоғалтудың шегіне әкеледі. Ол отбасы, жұмысы мен жеке басын тәуелке тігіп, тығырыққа тіреледі. Бірақ мәжбүрлі реабилитация кезінде өз дертін мойындап, өмірге қайта оралуға қадам жасайды.
Бұл жоба Қазақстанда кең таралған маңызды мәселе – лудомания тақырыбын көтереді. Фильмнің продюсерлері осы тақырып бойынша ауқымды зерттеу жүргізгенін де айту қажет.

Түсірілім екі маусымға жалғасып, қыс пен жаз айын қамтыған. Астанадан бөлек түсірілім жұмыстары Ақмола облысындағы Бурабай ауылы және Ұрымқай елді мекеніндегі табиғат аясында жүргізілген. Фильмнің түсіріліміне киноиндустрияда көп жылдық тәжірибесі бар 75-тен астам талантты маман қатысқан. Режиссері – Алдияр Байракимов, қоюшы-оператор – Азамат Жанабеков.
«Лудоманиямен ауыратын адам таңдау еркіндігінен айырылады, шынайы құндылықтар бір сәттік ләззатпен алмасады. Шын мәнінде,тәуелді адамдар өз еркімен түскен тұзақта жатады, бірақ оны түсінгеннен кейін олар бұл тұзақтан өздігінен шыға алмайды. Осы сәтте көмек сұрауы керек. Себебі ең дұрыс шешім – реабилитациялық орталыққа, мамандарға жүгіну», – деді фильмнің бас продюсері Ардақ Қасымбек.
Статистикаға сүйенсек, елімізде 500 мыңға жуық адам жеңіл ақшаның буына арбалған. Тіпті, лудоманияның кесірінен он жұптың жетеуі ажырасады деген көрсеткіш бар. Мемлекет басшысы оған жастардың әуес екеніне де назар аударып, жақында құмар ойынға қатысты шектеуді күшейткен болатын.