Жаңалықтар

Ұлттық кино – бауырлас елде: қазақ киносы Бішкек төрінде көрсетіледі

20-22 тамыз аралығында Бішкек қаласындағы «Ала-Тоо» кинотеатрында Қазақ киносының күндері өтеді. Шара аясында қазақстандық танымал режиссерлердің көркем фильмдері көрсетіліп, әр көрсетілімнен кейін көрермендер фильм авторларымен ашық сұхбаттасуға мүмкіндік алады.

Көрсетілім кестесі:

  • 20 тамыз, 18:00 – «Қазақ хандығы. Алтын тақ», реж. Рүстем Әбдірашев;
  • 21 тамыз, 14:00 – «Набат операциясы», реж. Рашид Сүлейменов;
  • 22 тамыз, 11:00 – «Жамбыл. Жаңа дәуір», реж. Жандос Құсайынов

Барлық көрсетілімдер тегін.

Аталған «Набат операциясы» және «Жамбыл. Жаңа дәуір» фильмдері Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

Айта кетейік, Орталық қолдауының нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 117 фильмнің өндірісі аяқталды, оның ішінде 72 көркем, 37 деректі, 8 анимациялық фильм бар.