Қазақстандағы Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали мен Грузияның Ұлттық кино орталығы директорының міндетін атқарушы Коби Хубунай меморандумға отырды.
Халықаралық Канн фестивалі аясындағы келісім бірқатар бастамаларға жол ашады. Меморандумда тараптар кино және киноөндіріс саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ халықаралық кинофестивальдерге қатысуға дайын екендіктерін білдірді. Олар фильмдерді өндіру мен көрсетудің технологиялық процестерін дамытуға күш салуға, өз еліндегі кинематографияның дамуы туралы маңызды ақпараттарды алмасып, сараптамаларымен, тәжірибелерімен бөлісуге келісті.

«Екі орталықтың арасындағы келісім қос мемлекеттің мәдени байланысын кеңейтетін көпір іспетті. Тәжірибе алмасу, бірлескен жобалар, кино және киноөндіріс саласындағы ынтымақтастық қос тарапқа да тиімді болып, кинематография саласын дамытуға мүмкіндік береді деп сенемін», – деп атап өтті ҚР Ұлттық кино орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали.
Айта кетерлігі, мұндай маңызды қадам екі мекеме арасындағы ықпалдастықты тереңдетіп, кино өнерінің дамуына септігін тигізеді. Оның үстіне тараптар келісімдердің сәтті жүзеге асатынына сенім білдіріп отыр.