Петропавл қаласында Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы басталды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Ашылу салтанатына Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол креативті индустрияларды дамытудың ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Мемлекет басшысының бастамасы және мемлекеттік саясат аясында креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасы қабылданды. Осы тұжырымдаманың нақты нәтижелерінің бірі – Солтүстік Қазақстан облысында Qyzylzhar Creative хабының ашылуы. Петропавлда еліміздің мәдени дамуының жаңа кезеңі басталды. Мұнда креативті идеялар тек мойындалып қана қоймай, оларды жүзеге асыруға нақты ресурстар да беріледі», – деді ол.

Сонымен қатар ол Қазақ киносының онкүндігін өткізу мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен «Первый Северный» телеарнасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуы өңірлік арналар арқылы отандық фильмдерді ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашқанын айтты.
«Креативті хабтар – еліміздің мәдени кеңістігінің маңызды элементтеріне айналуда. Соңғы алты жылда Ұлттық кино мемлекеттік орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен 117-ден астам фильм түсірді, оның 37-сі 149 халықаралық жүлдеге ие болды. Бұл – саланың кәсіби деңгейінің өскенінің және отандық киноға халықаралық қызығушылықтың артқанының айғағы», – деп атап өтті Жұмағали.
Yandex Qazaqstan акселерациялық апталығы аясында қатысушылар креативті идеяларды монетизациялау, инвестиция тарту, продюсинг, сондай-ақ заңдық және стратегиялық аспектілер бойынша практикалық білім алады. Qyzylzhar Creative хабында апталықтың өткізілуі бірлескен жобаларға, халықаралық әріптестікке және жас мамандардың кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашады.