1 қазан күні Ақтау қаласында Түркі әлемінің «Қорқыт ата» кинофестивалі шымылдығын түрді. Қазан айының 1-5 күндері аралығында Маңғыстау өңірі түркі елдерінің режиссерлері, актерлері, продюсерлері мен көрермендерін бір арнаға тоғыстырған рухани және мәдени бірлігінің орталығына айналады.
Түркі жұртына ортақ «Қорқыт ата» кинофестивалі – Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының (ТҮРКСОЙ) бастамасымен ұйымдастырылып отыр. Ол Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Түркия және Өзбекстанның ұлттық кино ұйымдарын біріктіреді. Бұған дейін фестиваль Стамбұлда, Бурсада, Шушада және Анауда (Ашхабад) өткен болса, 2025 жылы алғаш рет Қазақстан бұл эстафетаны қабылдап отыр. Себебі Ақтау қаласы биыл түркі әлемінің мәдени астанасы. «Маңғыстау жүрегінен - түркі әлемінің жүрегіне» атты атаумен өтетін фестивальде Ақтау шаһары кинематографтардың жаңа орталығына айналып, биылғы жиынға алғаш рет Венгриядан да мамандар (Мажарстан) қатысуда.

Салтанатты шараның ашылу рәсімі «Достық үйінде» өтті. Оған Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали, сондай-ақ Әзербайжан, Түркия, Түрікменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия мен Қазақстаннан 250-ден астам өнер майталмандары қатысты. Фестивальге отандық жұлдыздармен қатар шетелдік кино майталмандары да қатысты. Фестивальдің басты қонағы ретінде танымал түрік актері Бурак Озчивит арнайы келді.
Фестиваль қызыл кілемнен басталып, режиссер Думан Еркімбектің толықметражды алғашқы туындысы – «QAITADAN» фильмімен жалғасты. Бұл картина қазақ киносы тарихында алғаш рет мемлекет қолдауымен түсірілген жоба ретінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жинап, рекорд орнатқан болатын.
Ашылу рәсімінде ҚР Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали сөз сөйлеп, былай деді: «Біз үшін «Қорқыт ата» кинофестивалін дәл осы Ақтауда өткізу үлкен мәртебе. Себебі Ақтау биыл түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде мәртебелі атқа ие болып отыр. Бұл шара тек кинематография аясында ғана емес, мәдени дипломатия алаңы ретінде де маңызға ие. Өйткені кино тілі арқылы түркі халықтарының ортақ болашағы қалыптасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев түркі елдерімен ынтымақтастықты нығайтуды Қазақстанның сыртқы және мәдени саясатындағы басты басымдықтардың бірі ретінде атап өткен болатын. Ал кинофестивальдің жоғары деңгейде өтуіне тілектестігін білдірген еліміздің Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы баршаңызға өз құттықтауын жолдап отыр.»

Фестивальдің байқау бағдарламасына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген келесі туындылар енді:
• «Joqtau» (реж. Аруан Анартай)
• «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» (реж. Алина Мустафина)
• «Ева. Батыр қыз» (реж. Темірбек Аманжол)
• «Атамекен» (реж. Жанна Құрмашева)
Фестиваль аясында жетекші кино қайраткерлерімен шығармашылық кездесулер, киносаммит, байқаулық және байқаудан тыс фильмдер көрсетілімі, сондай-ақ Маңғыстау өңірінің тұмса табиғатын таныстыратын мәдени бағдарлама ұйымдастырылмақ. Байқаудан тыс бағдарламада Кино орталығының «Қажымұқан» фильмі (реж. Қанағат Мұстафин) көрсетіледі.

4 қазанда фестивальдің жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар марапатталады. Қазылар алқасы «Үздік көркем фильм», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий», «Үздік актриса» және «Үздік актер» номинациялары бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Бұған қоса, ТҮРКСОЙ-дың «Түркі мәдениетіне қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы табысталады.
«Қорқыт ата» кинофестивалі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының, Маңғыстау облысы әкімдігінің, ТҮРКСОЙ ұйымының қолдауымен өтуде.