Ұлттық киноны қолдау орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен алғаш рет 77-ші халықаралық Канн кинофестивалі аясында Marche Du Film кинонарығына қатысуда. Шара киноиндустрия әлеміндегі ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады және ол 2024 жылдың 23 мамыр айына дейін жалғасады.
Palais сарайында «Kazakhcinema» стенды орнатылды. Оның негізгі мақсаты – отандық киноөндірістің имиджін қалыптастыру, бірлескен киноөндірісті дамыта отырып, шетелдік серіктестерді тарту, сондай-ақ отандық фильмдердің танымалдығын арттыру. Сонымен қатар Қазақстан шетелдік фильмдер өндірісін субсидиялау жүйесін (рибейт) танымал етуге назар аударады. Оның құқықтық негізі Қазақстан Республикасының «Кинематография туралы» Заңының қабылдануымен қамтамасыз етілген.
Айта кетейік, Marche Du Film – 1959 жылы құрылған және жыл сайын Канн кинофестивалімен қатар өтетін халықаралық кинонарық. Кинонарықтың негізгі міндеті – киноиндустрия мамандары арасында байланыс орнату және оны дамыту, халықаралық бизнестің дамуына ықпал ету.