Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Алматы қаласында өтіп жатқан «EURASIADOC» халықаралық деректі кино форумына қатысты.
Central Asia Film Group компаниясы мен француздық DocMonde ұйымы бірлесіп ұйымдастырған форум деректі кино саласының өзекті мәселелерін талқылау және кәсіби ынтымақтастықты нығайту мақсатында авторларды, режиссерлерді, продюсерлерді және халықаралық кино ұйымдарының өкілдерін бір алаңға жинады.
Форумның индустриялық бағдарламасы аясында Кино орталығының кинөндіріс бөлімінің басшысы Эльмира Мадшер қатысушыларға Қазақстандағы кинематографияны мемлекеттік қолдау жүйесі, жобаларды конкурстық іріктеу тетіктері туралы баяндап, отандық деректі киноға көрермен қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті.
«Қазақстандағы деректі кино біртіндеп өз аудиториясын кеңейтіп, тек фестивальдік кеңістікпен шектелмей келеді. Соның жарқын мысалы – «Пряники для её отца, моего прадеда, её деда» фильмі. Бұл – мемлекеттік қолдаумен түсіріліп, Қазақстанда коммерциялық кинотеатрлар желісінде көрсетілген алғашқы деректі фильм. Аталған тәжірибе деректі киноның тек фестивальдерде ғана емес, кең көрерменге жол таба алатынын көрсетеді», – деді Эльмира Мадшер.

«EURASIADOC» – авторлық деректі киноны дамытуға және Орталық Азия елдерінің кинематографистері мен еуропалық продюсерлер арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға бағытталған халықаралық алаң. Форум бағдарламасына халықаралық фестивальдер, телеарналар және салалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өткен индустриялық сессиялар, сондай-ақ Орталық Азия, Түркия, Грузия және Армения елдерінің деректі фильм жобаларының питчингі енгізілді.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының «EURASIADOC» форумына қатысуы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, кәсіби диалогты кеңейтуге және қазақстандық деректі киноны халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.