Б.Бейсенов атындағы Қарағанды облыстық ІІМ академиясында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Меруерт Өтекешевамен шығармашылық кездесу өтті. Қазақ киносының күндері аясында ұйымдастырылған шарада «Қыз Жібек: махаббат пен табыстың үйлесімі» атты деректі фильм көрсетілді. Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.
Жиында фильмнің бас продюсері Меруерт Өтекешева түсірілім барысындағы әсерімен бөлісіп, ұлттық дәстүр мен мәдениетті кино арқылы дәріптеудің маңызын тарқатып айтты.
Жиында фильмнің бас продюсері Меруерт Өтекешева түсірілім барысындағы әсерімен бөлісіп, ұлттық дәстүр мен мәдениетті кино арқылы дәріптеудің маңызын тарқатып айтты.

«Қыз Жібек» – режиссер Сұлтан-Ахмет Қожықовтың Ғабит Мүсіреповтің сценарийі бойынша түсірілген тың туындысы. Ол тек махаббат жайлы кино емес. Фильмнің астарында терең философия мен халқымыздың бай тарихы жатыр.
Кинотанушылар да «Қыз Жібекті» елу жыл өтсе де, неге халық жалықпай көреді?» деп жиі ойға шомады.Сондықтан біз «Қыз Жібек: Махаббат пен табыстың үйлесімі» деректі фильмін түсіруді шештік. Мақсатымыз – 50 жылда мәдениет маржанына айналған дүниені насихаттау, жастарға халқымыздың мәдени мұрасын паш ету. Деректі фильмге «Қыз Жібекке» атсалысқан кино саласындағы небір мықты майталмандарымыз түсті», – деп атап өтті Меруерт Өтекешова.

Бұған дейін Қарағандыдағы қазақ киносының күндері аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Кино орталығының қолдауымен түсірілген «Қажымұқан» фильмі көрсетілген болатын. Сонымен қатар бастама аясында көрермендерге «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан», «Операция Набат», «Время патриотов» және «Бауырына салу» фильмдері ұсынылмақ.