новости казакша

Конкурс-2024: Ұлттық кино орталығы консультация береді

Құрметті киноиндустрия өкілдері, Ұлттық киноны қолдау орталығы алда жарияланатын киножобаларды іріктеу конкурсына байланысты консультация беретінін хабарлайды.

Консультация 8 сәуір мен конкурс аяқталғанға дейін телефон қоңыраулары, оффлайн кездесу және әлеуметтік желідегі кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Қатысушылар жаңа ереже мен конкурстың әрбір кезеңі бойынша нақты ақпаратты 8(7172) -72-56-70 нөмірі бойынша, және әлеуметтік желіде хабарлама қалдыруға мүмкіндіктеріңіз бар.

Сонымен қатар түсіндірме шаралары Алматы қаласы, Сәтпаев №16 а немесе Астана қаласы, Мәңгілік ел №30 мекенжайы бойынша орналасқан орталық кеңсесінде өтеді. Ол жерде кеңесшілер киноиндустрия өкілдерін дүйсенбі-жұма күндері аралығында қабылдауға дайын.

Ақпараттық қолдау көрсету мақсатында конкурстың барлық кезеңіне қатысты мағлұматтар орталықтың kazakhcinema.kz интернет-ресурсында қолжетімді болады. Кері байланысты күшейту мақсатында әлеуметтік желілердегі kazakh.cinema ресми аккаунттарына да қажетті мәліметтер жарияланып отырады.

Бұған қоса алдағы уақытта кинематографистерге арналған семинар-тренинг өткізу жоспарланып отыр. Бұл – конкурс кезеңінде тәжірибелі мамандардан кеңес алуға таптырмас мүмкіндік.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы қаржыландырылатын ұлттық фильмдерді іріктеу ережесі өзгерді. Бұл туралы орталықтың ресми сайтында жарияланды.

Жаңа ереже 12 сәуір күні қолданысқа еніп, жақында жаңа конкурс жарияланатын болады.