конкурс 2026 кз

Конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр

Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу конкурсының екінші кезеңіне құжаттарды қабылдау жалғасып жатқанын хабарлайды. Бірінші кезеңнен сәтті өткен үміткерлер инфографикада көрсетілген талаптарға сәйкес құжаттарды электрондық форматта тапсыруы тиіс. Құжаттар Орталықтың ресми сайты арқылы қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 15 сәуір мен 6 мамыр аралығы (сағат 18:00-ге дейін).

Назар аударыңыздар, өтінім берушілер келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1)құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы;

2)республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауы (мәліметтер Орталықпен тексерілерді).

Өтінімдерді тапсырғаннан кейін құжаттардың толық ұсынылмауы анықталған жағдайда конкурстық процестің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтініш берушіге анықталған қателерді түзетуге 3 жұмыс күні беріледі.
2026-04-24 15:06