Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали Алматыда түсірілім кезеңін аяқтап, монтаж жұмыстарына кіріскен киножобалардың шығармашылық топтарымен кездесу өткізді.
Кездесуге «Тұяқ», «Таймас», «Өзіңнен баста» және «Ботай. Ғайып ғалам» фильмдерінің авторлары мен шығармашылық топ өкілдері қатысты. Аталған жобалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Кино орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Кездесу барысында монтаж жұмыстарының барысы, фильмдерді одан әрі ілгерілету, кинофестивальдерге қатысу және картиналардың прокатқа шығуына қатысты жоспарлар талқыланды. Кино орталығының басшысы жобалардың осы кезеңіндегі жұмысты жүйелі түрде жалғастырудың маңызын атап өтті.
«Қазір жобалар үшін монтаж бен постпродакшн жұмыстарын аяқтап, фильмдерді одан әрі ілгерілету мен фестивальдік стратегиясын дұрыс қалыптастыру маңызды. Біздің ортақ міндетіміз – фильмдерді көрерменге ұсынып, олардың Қазақстанда ғана емес, халықаралық алаңдарда да лайықты деңгейде таныстырылуына мүмкіндік жасау», – деп атап өтті Құрманбек Жұмағали.
Айта кетейік, ұсынылған жобалардың әрқайсысы өзіндік тақырыбымен ерекшеленеді. «Өзіңнен баста» қазіргі қоғам үшін өзекті адамгершілік және әлеуметтік мәселелерді көтереді. «Тұяқ» есту және сөйлеу қабілеті бұзылған адамдар туралы баяндайды. «Таймас» – шекарашылардың қызметіне арналған алғашқы отандық киножоба. «Ботай. Ғайып ғалам» ежелгі Ботай мәдениетіне арналған туынды.