новости казакша

«Shabyt Cinema» жастардың шабытын еселейді

«Shabyt Cinema-2024» ІІ Республикалық қысқаметражды фильмдер байқауының салтанатты ашылуы өтті. Шараға Ұлттық киноны қолдау орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали қатысып, байқау жұмысына сәттілік тіледі.

Конкурс жоғары оқу орны мен еліміздегі киномектептердің білім алушылары арасында өтуде. Ұлы саспенс шебері Альфред Хичкоктың 125 жылдық мерейтойына орайластырылған байқаудың тапсырмасы да – «Әркімнің өз Хичкогы» тақырыбында қысқаметражды фильм түсіру.

Маңызды шара аясында Басқарма төрағасының орынбасары Зарина Баянова «Кино саласындағы мемлекеттік қолдау» тақырыбында шеберлік сағатын өткізетін болады.