Қытайда өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) кинофестивалі аясында Қазақстанға арналған фокус секция ұйымдастырылды. Арнайы бағдарлама шеңберінде қазақстандық «Ағайындылар» көркем фильмі (режиссері – Дархан Төлегенов) көпшілік назарына ұсынылды.
«Ағайындылар» фильмі халықаралық кинофестивальдерде бірқатар жетістіктерге жетіп, 15-тен астам марапатқа ие болды. Атап айтқанда, Германиядағы Oldenburg халықаралық кинофестивалінде Spirit of Cinema жүлдесін жеңіп алды. Картинаны Golden Man Media студиясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген.

Фильм көрсетілімі алдында режиссер Дархан Төлегенов пен басты рөлді сомдаған актер Айбар Салы көрерменге ой бөлісті.
«“Ағайындылар” фильмінің халықаралық деңгейге шығуы – мемлекеттің жүйелі қолдауының нәтижесі. Қазақстан атынан осындай беделді фестивальге қатысу – біз үшін үлкен мәртебе», – деді режиссер.

Ал актер Айбар Салы «Ағайындылар» әрбір адамға жақын, шынайы оқиға екенін алға тартты.
«Бұл фестивальде болу – үлкен абырой. «Ағайындылар» – әрбір адамға жақын, шынайы оқиға. Оның халықаралық аудиторияға жол тартқаны бізді ерекше қуантады. Фильмнің жарық көруіне үлес қосқан барлық жандарға алғысымды білдіремін», – деді ол.

Фестиваль аясында кинонарық ұйымдастырылды. Онда Қазақстанның стенді шеңберінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының жаңа жобалары ұсынылды. Бұл алаң қазақстандық киноның жанрлық және тақырыптық алуандығын көрсетіп, отандық әрі шетелдік көрерменге бағытталған жобаларды таныстырды.
Келушілер 25-тен астам көркем, деректі және анимациялық фильмдердің трейлерін тамашалады. Стендтегі көрнекі экспозицияны «Қайтадан», «Күзгі самал», «90+1», «Ұлы дала тынысы», «Капитан Байтасов» секілді фильмдердің постерлері толықтырды.

Фестивальде жас режиссерлерді қолдау мен авторлық және жанрлық киноны дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Соңғы алты жыл ішінде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Киноны қолдау орталығының қолдауымен 117 фильм (оның ішінде 72 көркем, 37 деректі және 8 анимациялық) түсірілген. Бұл жобалар 280 халықаралық кинофестивальге қатысып, 157 жүлдеге ие болды. Мұндай нәтижелер отандық киноның сапасы мен жаһандық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін дәлелдейді.