новости казакша

"10 жизней" әлде «Кроссы»: Дубляжға арналған фильмдерді таңдауға дауыс беру ашық

Ұлттық киноны қолдау орталығы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балаларға арналған анимациялық фильмдер мен отбасылық көруге арналған фильмдерді қазақ тіліне дубляждау үшін фильмдерді іріктеу бойынша онлайн дауыс беруді жариялайды.

"10 жизней" анимациялық фильмі студент Роуздың мейірімділігінің арқасында басты құндылықтарды ұғынған мысықтың өмірін баяндайды. Шытырманға толы әрі әсерлі оқиға ерекше сәттерімен есте қалады және мұнда достық пен махаббат көрініс тапқан.

Ал, «Кроссы» фильмі Тай мен Максин бастан кешкен сәттерді суреттейді. Ағайынды бәтеңкелер бір-бірінен ажырап, Тай Нью-Йорк көшелерін аралап, әпкесін іздеуге шығады. Ой салатын оқиғалы фильм көрерменге қызықты болары анық.

Бұл ретте біз сіздердің таңдау жасағандарыңызды қалаймыз, дауыс беруге қатысуға және осы фильмдердің қайсысы қазақ тіліне дубляждалатынын анықтауға атсалысыңыз!

Сіздің дауысыңыз қазақстандық аудиторияның қалауын анықтайды. Онлайн дауыс беру 20 жұмыс күніне созылады.

Дауыс беру үшін осы сілтемеге өтіңіз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdt1aVc9Kd69c-5HuKG4I_VReAJOUlNtLd9d_1oma64pWMwcQ/viewform?usp=sf_link