Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы жыл сайын ұлттық фильмдер деп тануға үміткер киножобаларды іріктеу үшін конкурс өткізеді. Олардың барлығы белгілі бір санатқа сәйкес келуі керек. Осыған байланысты Кино орталығының Басқарма төрағасы басым тақырыптар жарияланғанын, киногерлерден сапалы сценарий күтілетінін еске салды.
«Биыл мемлекеттен қаржыландырылатын фильмдердің тақырыптары дайын. Тақырыптар тізімі kazakhcinema.kz сайтында жарияланды. Өздеріңіз білетіндей, кино сценарийден басталады. Біз қазір маңызды жұмыстың алғашқы сатысында тұрмыз.
Көп ұзамай киножобалар конкурсы жарияланады. Сценарий жазу, ой жинақтау үшін киногерлерге екі ай шамасында уақыт беріледі. Бұл аз уақыт болмаса керек. Отандық киноиндустрия өкілдері осы аралықта өнімді жұмыс істейді деген сенім басым.
Жақсы сценарий – жарты кино. Бекітілген тақырыптардың өзегін тауып, мәнін ашып, фильмдердің сюжетін пісіп-жетілдіресіздер деген ойдамыз. Ал біз әрбір сапалы сценарийді интеграция арқылы дайын кинотуындыға айналдыруға асықпыз!», - деді Қ.Жұмағали.