Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Қазақстан мен Иран арасындағы белсенді мәдени ынтымақтастықтың жалғасып жатқанын хабарлайды. Соңғы жылдары екі елдің арасындағы қарым-қатынас белсенді түрде дамып келеді және ерекше көңіл мәдени-гуманитарлық байланыстарға бөлінуде.
Кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали мен Қазақстандағы Иран Елшілігінің мәдени істері жөніндегі кеңесшісі Әли Акбар Талеби Матиннің кездесуі бұл серіктестіктің әрі қарай дамуы үшін маңызды қадам болды.
Кездесуде Әли Акбар Талеби Матин Иранның Қазақстанмен кешенді қатынастарды дамытуға мүдделі екенін және кино саласында белсенді ынтымақтастық орнатуға дайын екенін атап өтті. Кино орталығы да серіктестікті одан әрі нығайтуға ашық екенін және жаңа жобалар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Айта кету керек, өткен жылы қазақстандық кинематографистердің бір тобы Иранда топ жарды. Оның ішінде «Бауырына салу», Тегеранда өткен «ФАДЖР» халықаралық кинофестивалінде арнайы жүлде алған, «Пряники для ее отца, моего прадеда, ее деда» және «Алға» фильмдері Иранның беделді фестивальдерінде лауреат атанды. Бұл өзара қызығушылықтың жоғары деңгейін және одан әрі ынтымақтастыққа деген ұмтылысты байқатып отыр.