Астанада режиссер Думан Еркімбектің толықметражды дебюттік жұмысы – «QAITADAN» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Бұл туынды – Қазақстанда түсірілген апат туралы алғашқы көркем фильм. Фильмді Dala Cinema киностудиясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық кино мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген. Картина 4 қыркүйектен бастап еліміздің кинотеатрларында кең прокатқа шығады.

Фильмде өзімшіл қала баласы Рауанның оқиғасы баяндалады. Маңызды спорттық жарыс алдында ата-анасының қалауымен ауылға келген ол уақыттық тұзаққа тап болады – оқиғалар қайта-қайта қайталана береді. Тығырықтан шығуға тырысқан Рауан жойқын апатқа куә болып, өміріне деген көзқарасы түбегейлі өзгереді.

Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Ерлан Дәкенов фильм терең ойға жетелейтін философиялық оқиға екенін атап өтті. Сондай-ақ Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали сөз сөйлеп, жобаның жанрына ерекше тоқталды.
Оның айтуынша, соңғы алты жыл ішінде орталықтың қолдауымен 118 отандық фильм түсірілген. Қазақстандық туындылар 280-нен астам халықаралық фестивальге қатысып, 157 жүлдеге ие болған. Бұл – мемлекет тарапынан жас режиссёрлерге, дебюттік жобаларға беріліп отқан нақты қолдаудың нәтижесі. Ол «QAITADAN» фильмін осы ұстанымның жарқын көрінісі деп атап өтіп, шығармашылық ұжымның еңбегі мен ізденісі өз көрерменін табатынына сенім білдірді.

ҰКҚО Сараптама кеңесінің мүшесі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург Роза Мұқанова фильмге жоғары баға беріп, шығармашылық топтың ынта-жігері көркем әрі әсерлі туынды жасауға мүмкіндік бергенін айтты.

Ал фильмнің продюсері Жалын Тілеубергенов түсірілім барысымен бөлісті.
«Шығармашылық топ бөгетті төрт-бес рет тұрғызып, қайта-қайта жарды. Алғашында бәрі ойдағыдай шықпады, қайта жасауға тура келді. Бірақ көрерменге сенімді ету үшін шынайы кадрлар қажет болды. Бұл өте қиын, бірақ бізді шабыттандырған жұмыс болды», – деді ол.
Фильмнің түсірілімі Алматы облысында өтті. Картинаның көркемдік шешімдері үшін жауапты – Бекен Нарбай, ал продюсерлері – Жалын Тілеубергенов пен Талғат Сырманов. Басты рөлдерде: Жасұлан Көпберген, Шұғыла Ешенова, Айбек Әзімбек және Ермек Шынболатов.