Циндао қаласында (ҚХР) Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің үздік кино және телехикаялар апталығының салтанатты ашылуы өтті. «Циндаода әлем жарық пен көлеңке арқылы тоғысады» ұранымен өткен бұл шараға ШЫҰ елдерінен келген жетекші кинематографтар, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері мен шығармашылық ұйымдар қатысуда.
Ашылу рәсіміне ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің кинематография басқармасының басшысы Ғани Мұратов, Қытайдағы Мальдив аралдарының елшісі Фазил Наджиб, Ресей елшілігінің мәдениет жөніндегі қызметкері Олег Бризат және басқа да елдердің мәдениет және медиа құрылымдарының жоғары лауазымды өкілдері қатысты.
Биылғы бағдарламада Қазақстан ерекше орын алды: ресми промоушен аясында сахнада режиссер Дархан Төлегеновтің «Братья» және режиссер Әділхан Ержановтың «Обучение Адемоки» фильмдері ұсынылды. Бұл туындылар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген. Олар ШЫҰ елдерінің халықаралық кинобағдарламасына енген 30-дан астам жобаның қатарына кірді. Аталған бағдарламаға қытайлық «Доспехи бога: В поисках сокровищ», «Фэншэнь. Часть 1» және ирандық «Без предварительной договоренности» фильмдері де енгізілген.
Бұған дейін ШЫҰ кинофестивалі аясында Чунцин қаласында көрсетілген «Братья» фильмі қылмыстық әлемге тартылған балалар үйінің түлегі туралы драмалық оқиғаны баяндайды. Ол күтпеген жерден туған бауырын кездестіріп, бірге әкесін іздеуге кіріседі. Бұл туынды Германиядағы Oldenburg International Film Festival-де Spirit of Cinema Award секілді 15-тен астам беделді марапатқа ие болған.
«Обучение Адемоки» фильмі көрерменді білім мен өнер арқылы өз таңдау құқығына ие болуды армандайтын жас мигрант қыздың тағдырымен таныстырады.

28 тамызға дейін жалғасатын апталық бағдарламасы 30-дан астам фильмнің көрсетілімін, пікірталас алаңдарын, киноиндустрия өкілдерімен интерактивті кездесулер мен мәдени ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бастамаларды қамтиды.
Бұған дейін де Қазақстан ШЫҰ елдерінің кинофестивальдеріне қатысқанын айту керек. «Операция Набат» фильміндегі басты рөлі үшін қазақстандық актер Бахыт Хаджибаев «Үздік актер» аталымында жеңіске жеткен. Сонымен қатар, Қазақстан фестивальдің фокус-секциясында ұсынылып, «Братья» фильмі арнайы бағдарламаға енді. Кинонарық аясында Ұлттық киноны қолдау орталығы мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының ұлттық стендінде 25-тен астам көркем, деректі және анимациялық фильмдердің трейлерлері көрсетілді. Көрмелік экспозицияда «Қайтадан», «Осенний бриз», «90+1», «Капитан Байтасов» сынды фильмдердің постерлері қойылды.