Халықаралық ірі кинофестивальдерде жоғары бағаланған Жаннат Алшанованың дебюттік толықметражды «Таңдау» (Becoming) фильмі алғаш рет қазақстандық көрерменге ұсынылады.
Фильмнің әлемдік премьерасы 2025 жылы Локарно халықаралық кинофестивалінде өтті. Кейін картина Пусан, Таллинн, Гётеборг кинофестивальдерінде, SXSW London және басқа да халықаралық кино алаңдарында көрсетілді. Таллинн кинофестивалінде фильм үздік копродукция үшін арнайы марапатқа ие болды.
«Таңдау» картинасының Қазақстандағы алғашқы көрсетілімі 22 тамызда Алматыда өтетін әйелдердің кино өнеріндегі көзқарасына арналған тәуелсіз Qyzqaras Film Festival аясында ұйымдастырылады. Биыл фестиваль бағдарламасына 21 толықметражды фильм енген. Көрсетілімнен кейін көрермен режиссер Жаннат Алшановаға сұрақ қойып, фильмді бірге талқылай алады.
Бұл 17 жастағы Мила туралы оқиға. Өз бетінше өмір сүруге және отбасындағы қиындықтардан арылуға ұмтылған қыз ашық суда жүзу командасына қосылады. Алайда командадағы орнын жоғалту қаупі төнген кезде, Мила өз мақсатына жету үшін қаншалықты тәуекелге дайын екенін анықтауы керек.
Фильм Францияның Films de Force Majeure, Қазақстанның Accidental Films, Нидерландтың Volya Films, Литваның M-Films және Швецияның Kjellson & Wik компанияларының бірлескен өндірісі.
Түсірілім жұмыстары Алматы қаласы мен Алматы облысында өтті. Фильмнің постпродакшны Франция, Нидерланд және Швецияда аяқталды.
Басты рөлдерді Тамирис Жангазинова, литвалық актер Валентин Новопольский, Әсел Қалиева және Медина Сагиндыкова сомдады. Фильмнің операторы — Каролин Шампетье. Ол режиссер Леос Каракспен көп жылдан бері шығармашылық серіктестікте жұмыс істеп келеді. Оператордың фильмографиясында «Аннетт» және «Корпорация "Святые моторы"» сияқты картиналар бар.
«Таңдау» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.