Алматы облысының Дегерес ауылында «Əже» қысқаметражды көркем фильмінің түсірілімі басталды. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Түсірілім жұмыстарының басталуына орай жоба авторлары, актерлер мен түсірілім тобының қатысуымен дәстүрлі «тәрелке шағу» рәсімі өтті.
«Əже» – қазақ ауылының ұлттық дәстүрлері мен отбасылық құндылықтарын дәріптейтін қысқаметражды драмалық фильм. Басты кейіпкер Жалғас әжесінің тәрбиесі мен қамқорлығында ер жетеді. Фильмде оның балалық шағынан бастап есейгенге дейінгі өмір жолы, әсіресе әжесі өмірден өткеннен кейінгі өзгерістері баяндалады. Туынды ұлттық құндылықтар мен отбасы байланысының маңызын айшықтайды.

Фильм сценарийінің авторлары – Темірлан Өрісбаев пен Нұрбол Ерболұлы. Қоюшы режиссер – Темірлан Өрісбаев, қоюшы оператор – Кәмила Мақат, қоюшы суретші – Тимур Таиров, продюсер – Санжар Биболатұлы.
Фильмдегі басты рөлдерді Әлихан Идырышева, Ади Үкертай, Ержан Жарылқасынов және Ақбота Рахат сомдайды.
Айта кетейік, «Əже» фильмі Темірлан Өрісбаевтың режиссер ретіндегі тұңғыш жұмысы болмақ. Жас авторлар мен дебюттік жобаларды қолдау – отандық кино өндірісін дамытудың басым бағыттарының бірі. Соңғы жылдары Кино орталығы қолдау көрсеткен 57 жобаның 43-і дебюттік жұмыстар мен жас режиссерлердің фильмдері болды. Бұл еліміздің кино саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесін көрсетеді.