Жанана Құрмашеваның режиссерлігімен түсірілген «Атамекен» деректі фильмі Италияның солтүстік-шығысында 16–24 қаңтар аралығында өткен 37-ші Триест халықаралық кинофестивалінің (Trieste Film Festival) деректі фильмдерге арналған конкурстық бағдарламасы аясында көрсетілді.
Trieste Film Festival – Италиядағы жетекші кинофестивальдердің бірі. Фестиваль 1989 жылы құрылған және деректі әрі авторлық киноға арналған беделді халықаралық алаң ретінде танылған.
Фильмнің режиссері – Жанана Құрмашева, продюсері – Бану Рамазанова. Картина экологиялық тақырыпты қозғайды. Жобаның ерекшелігі –мазмұнының тереңдігі мен көрермен назарын аударатын өзіндік баяндау тәсілі. Түсірілімнің алғашқы кезеңі Семей қаласында және бұрынғы ядролық полигонға жақын орналасқан Саржал ауылында өтті. Фильмде куәгерлердің естеліктері, ядролық сынақтардың салдары және архивтік материалдар қамтылған. Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Фильмнің әлемдік премьерасы 2025 жылдың наурыз айында Копенгагенде өткен CPH: DOX деректі киноның 22-ші халықаралық фестивалінде өтіп, негізгі конкурстық бағдарламаға енді. Кейін картина Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Египет, Қазақстан, Канада, Қырғызстан, Нидерланд, Ресей, Түркия және Оңтүстік Кореядағы кинофестивальдерде көрсетілді.
Сондай-ақ, «Атамекен» деректі фильмі 3–8 ақпан аралығында Хельсинки қаласында (Финляндия) өтетін DocPoint деректі кинофестивалінің 25-ші шығарылымы аясында көрермен назарына ұсынылады.