новости казакша

Кино орталығы конкурстың екінші кезеңі басталғанын хабарлайды

Ұлттық киноны қолдау орталығы мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеу конкурсының екінші кезеңі басталғанын хабарлайды. Сараптама кеңесінің оң қорытындысын алған сценарий мен сценарий жоспарларының, конкурстық іріктеудің екінші кезеңіне өткен киножобалардың тізімімен осы жерде таныса аласыз.

Конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде оң қорытынды алған үміткерлер төмендегі инфографикада көрсетілген құжаттарды электронды форматта тапсыруы тиіс. Барлық қажетті құжаттарды Орталықтың ресми сайтындағы

https://kazakhcinema.kz/kz/konkurs_2024 сілтеме арқылы 2024 жылдың 16 мамырынан бастап 24 мамыр аралығында 18:00-ге дейін жіберу қажет.

Атап өту қажет, үміткерлер мына талаптарды ескеруі тиіс:

1) құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін) ие болуы;

2) республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

3) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауы (мәліметтер Орталықпен тексерілерді).

Өтінімдерді тапсырғаннан кейін құжаттардың толық ұсынылмауы анықталған жағдайда конкурстық процестің әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтініш берушіге анықталған қателерді түзетуге 3 жұмыс күні беріледі.