Қазақстандағы Гёте-Институт пен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы неміс кино сарапшысы Карл Шенфельдтің (Carl Schoenfeld) онлайн воркшопына қатысуға конкурс жариялайды. Воркшоп аясында киноөндіріс, маркетинг, қаржыландыру, құқықтық аспектілер, питчинг және түсірілімді жоспарлау мәселелері қарастырылады. Іс-шара 22,29 қыркүйекте және 6, 13 қазанда ағылшын тілінде онлайн форматта өтеді.
Жаңа воркшоп Қазақстанның жас кинематографистеріне арналған білім беру бағдарламасы аясында ұйымдастырылған және бірінші кезекте халықаралық нарықта жұмыс істеуді жоспарлап отырған продюсерлерге бағытталады. Семинар режиссерлерге және кинематография саласындағы басқа да мамандық өкілдері үшін қызықты болады.
«Біз қазақстандық кинематографистерге арналған білім беру бағдарламасын жалғастыруға қуаныштымыз. Бүгінде көпшілік қазақстандық киноны жаңа деңгейге шығару үшін копродукция мен халықаралық ынтымақтастықтың қажет екенін түсінеді. Өтетін воркшоп халықаралық кино нарығы бойынша базалық жолнұсқа болады, жобаларыңызды сценарийді әзірлеу сатысында ілгерілетуге, оларды фестивальдерде ұсынуға, питчингтерге дайындауға, маркетингтік стратегияларды қалыптастыруға үйретеді, қаржылық және құқықтық аспектілерді қозғайды. Байқауға студенттер де, тәжірибелі кинематографистер де қатыса алады. Бұл қажетті практикалық ақпарат болады», - дейді ұйымдастырушылар.
Воркшоп қатысушылары кино сарапшысын түсіну үшін ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білулері керек.
Конкурстық өтінім орыс не ағылшын тілдерінде жасалуы және мынадай ақпаратты қамтуы тиіс:
- аты-жөні, тегі;
- мамандығы, курсы, ЖОО;
- қысқаша өмірбаяны;
- аудиовизуалды салада іске асырған жобаларының тізімі;
- қысқаша мотивация;
- байланыс телефоны және e-mail
Толтырылған өтінімді мына электронды мекенжайға жіберу қажет: masters@kazakhcinema.kz.
Өтінімдер қабылданатын соңғы күн: 19 қыркүйек 2021 ж.
Мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер қарауға жатпайды.
Іріктелген қатысушылардың есімдерін біз www.kazakhcinema.kz сайтында жариялаймыз.
Воркшопқа қатысу тегін.
Қосымша ақпарат:+7 701 971 11 17.
Ақпарат үшін:
Карл Шенфельдтің кино индустриясы мен теледидарда отыз жылдан астам тәжірибесі бар. Оның BBC, Channel 4 / Film 4 және BFI-мен жасаған жобалары жаңа технологияларды қамтып, жаңа жұмыс үрдістерін енгізді және таланттардың халықаралық мансабына жол ашты. Карл «Мой брат Том» фильмінің жұлдызы Бен Уишоуға продюсерлік етті, режиссер Эдгар Рейцпен бірге «Родина III» телехикаясын, Tall Stories үшін көркем фильмдер сериясын шығарды және Raindance Rawtalent үшін Raindance өндірісін құрды. Сонымен қатар, ол Саймон Рамлидің «Живые и мертвые» фильміне продюсерлік етті. Киноиндустрияда үлкен тәжірибесі бар маман ретінде оны фестивальдерде, киномектептерде және оқу ұйымдарында, сондай-ақ Еуропа, Азия және Кариб бассейні елдеріндегі бірлескен өндіріс нарықтарында сөз сөйлеу үшін үнемі шақырады. Ол BAFTA дауыс беру құқығы бар мүшесі, швейцариялық кино өндірісінің Largo.ai стартап-кеңесшісі және Оксфордширдегі ScreenTalk негізін қалаушы. Сонымен қатар, Карл Британдық кино институтында және Оксфорд университетінде сценаристикадан сабақ береді, онда суретшілер мен зерттеушілердің шығармашылық қауымдастықтарын басқарады. Студенттік жұмыстары BBC, Netflix, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей және Германия кинотеатрларында, сонымен қатар Канн мен Берлинді қоса көптеген халықаралық кинофестивальдерде көрсетілген.
Гёте-Институт – Германия Федеративті Республикасының мәдени мекемесі, оның бөлімшелері әлемнің көптеген елдерінде қызмет атқарады. Бұл мекеменің қызметі шет елдерде неміс тілін таратуға және мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Гёте-Институт Германияның мәдени, қоғамдық және саяси өмірі туралы өзекті ақпаратты тарату арқылы бүкіл әлемге өз елі жайлы объективті ақпарат-мәлімет береді.
25.08.2021