2025 жылғы конкурс нәтижесінде жеңіске жеткен «Сказка о морских псах» («Erte erte ertede») деректі жобасы 2026 жылғы Berlinale Talents Lab аясындағы практикалық деректі лаборатория – Doc Station бағдарламасына таңдалды.
Doc Station – дамып келе жатқан деректі жобаларға арналған беделді менторлық бағдарлама. Лабораторияға жыл сайын тек 20 жоба іріктеледі. Berlinale Talents саммиті дәстүрлі түрде Берлин халықаралық кинофестивалі кезінде өтеді.
«Сказка о морских псах» («Erte erte ertede») – Қазақстан мен Тайланд кинокомпаниялары арасындағы халықаралық копродукция форматында дайындалатын толықметражды деректі фильм. Қоюшы-режиссер және сценарий авторы – Катерина Анартаева (Суворова), қоюшы-оператор – Елизавета Попова.

Жобаның түсірілім кезеңі 2026 жылдың көктемі мен күзіне жоспарланған және Маңғыстау облысында өтеді. Жоба Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық кино орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.
Фильм – ерекше каспий итбалықтарын зерттеуді армандайтын батыл ғалым Асель туралы деректі ертегі. Дегенмен, шындыққа тап болғанда, ол ең алдымен итбалықтарды жойылудан қорғауға мәжбүр болады.
Жобаның Doc Station Berlinale Talents Lab 2026 бағдарламасына іріктелуі оның жоғары көркемдік және кәсіби әлеуетін көрсетеді және халықаралық кино қауымдастығының Қазақстандық деректі жобаларға тұрақты қызығушылығын растайды.