Жаңалықтар

Кино орталығы дубляжға өтінімдер қабылдайды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін балалар анимациялық фильмдері мен отбасымен көруге арналған фильмдерді қазақ тілінде дубляждауға конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер қабылдайтынын хабарлайды.

Дубляжға арналған фильмдерді іріктеуге қатысу үшін 2025 жылдың 5 ақпаны мен 4 наурыз аралығында өтінішті қағаз және электронды түрде, сондай-ақ келесі құжаттар мен материалдарды мына сілтемеге жіберу керек:

1)Жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;

2) Фильмдердің атаулары, сценарий авторы (авторлары), қоюшы-режиссер, кинематографиялық қызмет субъектілері туралы қысқаша ақпарат көрсетілетін, негізгі кейіпкерлер сипатталатын, тизер-постер, плакат немесе басқа да жарнамалық материалдар қамтылатын фильмдердің презентациясы;

3) Фильмдердің қысқаша мазмұны (синопсис);

4) Фильмдерді дубляждау шығындарының сметасы;

5) Кинематографиялық ұйыммен дубляж жасауды жүзеге асыруға ниет туралы шарттардың көшірмелері.

Шет тіліндегі құжаттарға олардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде іріктелген фильмдердің тізімі олардың қысқаша мазмұнымен бірге орталық сайтында алдын ала онлайн дауыс беру үшін орналастырылады, дауыс беру 20 жұмыс күніне созылады. Дауыс беруге кез-келген адам қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Қағидаларының 53 және 57-тармағында (3-параграф. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі) жазылған талаптарға сай болуы тиіс.

Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VII ҚРЗ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін конкурс жеңімпазы сатып алынатын тауарларға, көрсетілетін қызметтерге қатысты айрықша құқықтарға ие тұлға болып табылуға, сонымен қатар ұқсас тауарлар мен қызметтерді өндіруді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері жоқ екенін дәлелдейтін монополияға қарсы органның қорытындысын ұсынуға тиіс.

Өтініш пен құжаттар пакетін қағаз түрінде өтініш берушілер жұмыс күндері (4 наурыз 2025 жылды қоса алғанда) сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы Мәңгілік ел 30, 3 қабатында орналасқан орталық кеңсесіне өткізуі керек.

Өтініш пен құжаттар пакетін электронды түрде өтініш берушілер 2025 жылғы 4 наурызды қоса алғанда сағат 18:00-ге дейін
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSd5f9-ldU7Ho3ENt6rfzyDX1kcYIlcvPheI1MpF8v-tYLBiUg/viewform?usp=dialog сілтемесі арқылы ұсынады.

Конкурсқа қатысу туралы қосымша ақпаратты 8 (7172) 72-55-61 телефон номері арқылы ала аласыз.