Қазақстандық «Тезек» көркем фильмі халықаралық киноқауымдастықтың назарын аударуда. Режиссер Бақыттас Санитас, сценарий авторы Әділбек Бакиров ұсынған картина Үндістанда өтетін бірден екі беделді халықаралық кинофестивальдің ресми іріктеуінен өтті.
Фильм 2026 жылғы 20-30 қараша аралығында өтетін Global Independent Film Festival of India (GIFFI) кинофестивалінің байқау бағдарламасына енді. Сонымен қатар, India International Star Film Festival Awards (ISFFA) фестиваліне қатысу үшін де ресми түрде іріктелді.
Картинада тағдырдың ауыр сынағына тап болған қойшы Көкпайдың отбасының драмалық тағдыры баяндалады. Бұл – ар-намыс, адамдық қадір-қасиет, отбасы құндылықтары мен адам рухының беріктігі туралы терең туынды.
Түсірілім жұмыстарының негізгі бөлігі Алматы облысындағы Жалаңаш ауылының маңындағы көркем табиғат аясында өтті. Фильмде басты рөлдерді Ғазиз Сураппаев, Тлектес Мейрамов, Майра Омар және Зарина Жакенова сомдады. Сонымен қатар, фильмнің шарықтау шегіндегі көріністе танымал қазақстандық әнші әрі актриса Ақбота-Нұр Сейітмағамбет те бой көрсетеді.
Айта кетейік, «Тезек» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілді.