Жаңалықтар

Конкурстың 2 кезеңі: анықталған қателерді түзетуге 3 күн уақыт беріледі

Ұлттық киноны қолдау орталығы конкурстың екінші кезеңінде ескеру қажет мүмкіндікті еске салады. Егер құжаттарда қандайда бір қателіктер анықталса, оны түзетуге 3 жұмыс күні беріледі. Бұл өзгеріс ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.

Егер 3 жұмыс күні ішінде жіберілген ескертуден кейін өтінім тағы да талаптарға сәйкес келмесе, Кино орталығы бұл өтінімді ары қарай қараусыз, өтініш берушіге кері қайтарады.

Айта кетейік, биыл конкурсқа электронды түрде тіркелген сценарий мен сценарий жоспарларының жалпы саны – 444, оның ішінде 357 жоба Сараптама кеңесінің қарауына ұсынылды. Сараптама кеңесінің оң қорытындысына ие болған 128 жоба конкурстың екінші кезеңіне жолдама алған болатын.