Ақтөбе қаласындағы С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында көру қабілеті бұзылған көрермендерге арналған «Үміт сәулесі» фильмінің көрсетілімі өтті. Іс-шара инклюзивті мәдени ортаны қалыптастыруға және ұлттық кинематографияға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған «Қолжетімді кино» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Жоба шеңберінде тифлокомментарийлермен жабдықталған фильмдер еліміздің түкпір-түкпіріндегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханаларда қолжетімді болуда. Бұл бастама Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен өңірлік мамандандырылған кітапханалардың өзара ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Кино орталығы мен Ақтөбе облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Айта кетейік, 2024 жылы осындай келісім Қарағанды облысындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханамен де жасалған болатын. Бұл әріптестік аясында өңір тұрғындары үшін бірнеше кино көрсетілім ұйымдастырылды. Көрермендер арасында ерекше қызығушылық тудырған фильмдердің бірі – қазақстандық боксшы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевтің өмірі мен спорттық жолына арналған «Боксер» картинасы. Аталған фильм көрермендер тарапынан кең қолдау мен жылы пікірге ие болды.
«Үміт сәулесі» фильмін Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен Dala Cinema кинокомпаниясы түсірді. Фильмнің сюжеті қазақстандық парадзюдошы, Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ерғали Шәмейдің тағдырына негізделген. Көру қабілетінен айырылғанына қарамастан, басты кейіпкер рухының мықтылығын, өзіне деген сенімін сақтап, ішкі қорқыныштары мен өмір сынақтарын жеңе отырып, алға ұмтылады.
Фильмнің режиссёры – Думан Еркімбек, продюсері – Жалын Тілеубергенов. Басты рөлді актер Назар Шерхан сомдады.