Жаңалықтар

«Осенний бриз» фильмі Қырғызстанда түсіріліп жатыр

2024-06-14 15:24
Режиссер Әділ Мерекеновтың «Осенний бриз» фильмі Қырғызстанда түсіріліп жатыр. 2000 жылдардың басындағы тарихи оқиғаларды баяндайтын фильмді Ұлттық қино орталығы қолдаған.

Қырғыз жазушысы Тәліп Ибраимовтың «Старик» повесі негізінде түсіріліп жатқан туынды Ыстықкөлдің көркем табиғатында жалғасуда. «Медетфильм» қолға алған жоба адамгершілік, махаббат пен сүйіспеншілік секілді маңызды құндылықтарды дәріптемек.

Айта кету керек, кинокартина өткен жылы мемлекеттік қаржыландыруға іріктелген 18 жобаның бірі болды.