Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы 2025 жылғы киножобалар питчингі басталғанын ресми түрде хабарлайды. Бұған дейін іріктеудің екі кезеңінен сәтті өткен 99 жоба питчингке жолдама алды. Ашық қорғау барысында бұл жобалар Сараптама кеңесіне таныстырылады.
Питчинг 9-12 маусым аралығында Алматы қаласында өтеді. Барлық процесс Кино орталығының ресми YouTube-каналында онлайн-режимде көрсетіледі.
Питчингтің ашылуында сөз сөйлеген Кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали конкурс барысы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның тікелей бақылауында екенін атап өтті.
– Сараптама кеңесі ұлттық киноны ілгерілететін, көрермен жүрегіне жететін жобаларды таңдауға бар күшін салады деп сенеміз. Ұлттық кино – ұлттың рухани келбеті. Сондықтан мемлекет қаржысына түсірілетін фильмдер мазмұны мен сапасы жағынан жоғары деңгейде болуға тиіс. Киногерлер бұл жауапкершілікті терең сезінеді деп ойлаймыз, – деді Құрманбек Жұмағали.
Оның айтуынша, биылғы конкурс ашықтық пен әділдік қағидаттарына негізделіп, қатысушыларға кеңес беру мен ақпараттық қолдау жүйелі түрде ұйымдастырылған. Байқау кезеңдеріне қатысты барлық жаңалықтар мен мәліметтер Kazakhcinema.kz сайтында тұрақты түрде жарияланып отырады.
– Ұлттық киноны бірге дамыту – бәріміздің ортақ міндетіміз. Барша қатысушыларға сәттілік тілеймін! – деп түйіндеді сөзін Қ. Жұмағали.