Биыл Кино орталығының қолдауына үміт артып, жоба ұсынған авторлардың қатары көбейді. Соның нәтижесінде биыл 357 өтінім Сараптама кеңесінің қарауына жіберілген болатын. Оның ішінде 242 өтінім – көркем фильм, 32 – анимация, 83 жоба – деректі-хроникалы фильм секциясы бойынша ұсынылды. Бүгінде Кеңес мүшелері сценарийлерді іріктеу жұмысын жүргізуде. Осы орайда конкурсқа ұсынылған жобалар туралы Сараптама кеңесі мүшелерінің кезекті пікірін жарияламақпыз.
Алтынбек Өмірзақов – Сараптама кеңесі мүшесі. Кәсіби маман отандық анимациялық жобалардың жай-жапсары, саланың ахуалы туралы ой бөлісті. Оған қоса анимация жасаушылар кезігетін келеңсіздіктерді де қалыс қалдырмады.
«Кейінгі жылдары анимациялық фильмдерге назар аударыла бастады. Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығы анимациялық фильмдердің санын арттыруға ниетті екенін байқаймыз. Бұл қадам қазақстандық анимацияны дамытуға септесіп, бастамашыл жастар мен шығармашылық топтардың өркендеуіне жол ашты. Оны биылғы конкурсқа түскен жобалардың санынан аңғаруға болады. Жобалар жанры мен форматы кеңиді десек болатындай. Толықметражды фильмдер саны өткен жылмен салыстырғанда басым.
Кемшілік те жоқ емес. Қазіргі уақытта киноиндустрияда кәсіби сценаристер, драматургтер мен редакторлардың жетіспеушілігі байқалады. Анимация – бұл барлық өнер түрін қамтитын және шексіз мүмкіндіктерге ие киноиндустрия және оның өз талаптары бар. Анимацияға арналған идея мен сюжетте (оқиғада) анимация арқылы жеткізуге болатын әрекеттердің көрерменге түсінікті болуы маңызды. Оған қоса бірегей мазмұн керек. Мысалы, биыл қайталанып түскен жобалар болды, демек тақырып аясы әлі де ізденісті қажет етеді деген сөз», – деді Алтынбек Қалманұлы.

Сарапшы сценарийлерді қарау барысында авторлардың жанрлық таңдауда қателескен тұсы барын айтты. Яғни, анимация бөліміне ұсынылған кей жоба көркем немесе деректі фильмдерге көбірек сәйкес келеді екен.
«Кейбір жоба өте жақсы жазылған, қызықты және оларды көргенде экранда фильмді көріп отырғандай әсер қалдырады. Біз сценаристерден анимациялық картиналардың тәрбиелік құндылығына көңіл бөлгенін күтеміз. Шығармашылық топтарға сәттілік тілейміз!», – деді ол.
Сараптама кеңесі мүшесі Любовь Шашкова да отандық кинематографияның дамуы туралы ой бөлісті.
«Жақында Бурабайда өткен құрылтайдың секциясында «арзан» фильмдер мен тақырыптардың терең зерттелмеуі сияқты мәселелер талқыланды, бұл өткен жылы киножобалар конкурсында көптеген сценарийлердің қабылданбауына себеп болған еді. Биыл біз жаңа, ерекше жобаларды қолдауға асықпыз.
», - деді ол.

Ал Сараптама кеңесінің мүшесі Ерлан Нұрмұхамбетов үміткерлердің дайындық деңгейіне жоғары баға берді. Айтуынша, жылдан-жылға отандық фильмдердің саны мен көрермені қалыптасып келеді. Демек, сұраныс бар жерде бәсеке дамып, үміткерлердің қатары көбеюі құптарлық іс.
«Кейінгі жылдары кино саласында оң үрдіс байқалады. Көрермендер таңдауы отандық киноға ойысты, ұлттық контентті қолдау белең алды. Бұған Кино орталығының дамуы себеп болса керек. Орталық киножобалар конкурсын секцияларға бөліп, қатысушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашуда. Әрбір басым тақырып бойынша сценарий көбейіп, шығармашылық адамдарының конкурсқа қатысуға деген ынтасы артып келеді. Танымал мамандар ғана емес, жаңадан бастаған режиссерлер де конкурсқа көп өтінім берді. Біз барлық жобаны жан-жақты қараймыз», – де Ерлан Маратұлы.

Айта кетейік, Сараптама кеңесі мүшелері конкурстық іріктеу процесі жетіле түсті деген пікірде. Конкурс ережесінің өзгеруі, Кеңес мүшелерін қалыптастырудағы ашықтық жобаларды әділ бағалауға көмек болуда. Мысалы, кейінгі жылдары сценарийлер мен сценарий жоспарларын алғашқы кезеңде қарастыру үшін жаңартылған ережелер жасалды.