Астанада ағза донорлығы тақырыбын арқау еткен «Ароматное сердце» көркем фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Туындыны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдаған.
Фильм көрсетілімі барысында Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма төрағасының орынбасары Әділет Омаров Қазақстандағы ахуалға тоқталып өтті. Оның айтуынша, елімізде қазіргі таңда 4000-нан астам адам ағза донорына мұқтаж.
«Донорлық мәселесін кино тілімен жеткізу – дер кезінде көтерілген әрі өте өзекті қадам. Мемлекеттің қолдауы арқылы мұндай жобалардың жарыққа шығып, кең аудиторияға жетуіне мүмкіндік туып отыр», – деді Ә.Омаров.

«Ароматное сердце» – терең әсерлі драма. Бұл – адам өзгерісінің күші, ағза донорлығы және өмір мен өлім шегінен тыс байланыс туралы оқиға. Басты кейіпкер – Самат, отбасына қатыгез, бұрын сотталған адам.
Жүрек трансплантациясынан кейін оның өмірінде түсініксіз өзгерістер бола бастайды, бұрын-соңды сезінбеген эмоциялар, жаңа әдеттер, айналасына мүлде басқа көзқарас. Жақындары бұл өзгерістерді байқап, Самат мүлде басқа адамға айналғанын түсінеді. Бұл жұмбақтың жауабы – жүрек доноры болған қарапайым әрі мейірімді мектеп мұғалімінің өткен өмірінде жатыр.

Фильмнің қоюшы режиссері Максим Кодаров бұл идеяның шынайы оқиғадан туындағанын жеткізді.
«Фильмді түсіруге бір фотосурет түрткі болды. Онда донордың арқасында жүрегі қайта «соққан» адам мен марқұмның туыстары бейнеленген. Бұл көрініс маған терең әсер етті. Сценарийді 9 ай бойы шынайы оқиғалар негізінде жаздық», – деді М.Кодаров.

Сондай-ақ і-шарада сөз алған Есіл аудандық “Amanat” партиясының төрайымы Санира Жүсіпова фильмде қоғамда жиі кездесетін маңызды мәселелердің көрініс тапқанын атап өтті. Оның айтуынша, туындыда буллинг, ішкі өзгеріс (трансформация), мейірім сынды тақырыптар шебер өрілген. Ол фильмнің көрерменге терең әсер етіп, ой тастай алатын дүние екенін айтты.
Фильмнің режиссері – Елена Бегайдарова. Сценарийін Наталья Беспечная мен Елена Вовнова, Максим Кодаров жазған. Ал жобаның продюсерлері – Саин Габдуллин мен Сәуле Кембұлбаева. Басты рөлдерді Ержан Нұрымбет пен Айнұр Бермұхамбетова, Тагир Мирзадинов сомдады.
«Ароматное сердце» фильмі 21 тамыздан бастап кинотеатрларда кең көлемде көрсетіле бастайды.
Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауының арқасында бүгінге дейін 118 фильм өндіріске жіберілді.