Бүгін Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің кинофестивалі аясында кинонарықтың салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Беларусь, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қытай сияқты мүше мемлекеттердің киноиндустрия өкілдері қатысты. Аталған шарада Қазақстан кинематография саласындағы маңызды жетістіктерін таныстырып, ұлттық киноөндірістің жоғары деңгейде дамып келе жатқанын көрсетті.
Қазақстан стендінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясының ерекше жобалары ұсынылды. Бұл алаң қазіргі қазақстандық киноның жанрлық және тақырыптық әртүрлілігін жарқын бейнелейтін орынға айналды. Көрмеде халықаралық аудиторияға бағытталған бірқатар жобалар ұсынылды. Стендтің визуалды экспозициясын «Қайтадан», «Осенний бриз», «90+1», «Ұлы дала тынысы», «Капитан Байтасов» және басқа да фильмдердің постерлері құрайды.
Келушілерге Орталық пен киностудияның қолдауымен түсірілген көркем, деректі және анимациялық бағыттағы шамамен 25 фильмнің трейлерін тамашалауға мүмкіндік берілді.

Шара аясында кино саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер көрмесі де ұйымдастырылды. Экспозицияда виртуалды түсірілім, цифрлық постпродакшн және дыбыс жазудың инновациялық әдістері сынды заманауи технологиялар ұсынылды.
Өз сөзінде ол Орталықтың қызметі мен мемлекет тарапынан киногерлерге көрсетілетін қолдау туралы айтып өтті. Жас режиссерлерді демеу, авторлық және жанрлық киноны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Соңғы 6 жылда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Кино орталықтың қолдауымен 117 киножоба жүзеге асты. Олардың қатарында 72 көркем фильм, 37 деректі және 8 анимациялық жоба бар. Бұл туындылардың көбісі халықаралық деңгейде танылып, 280 халықаралық кинофестивальге қатысты. Нәтижесінде 157 марапатқа ие болды. Бұл отандық киноның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігінің жоғары екенін айғақтайды.

Қазақстанның ШЫҰ елдері кинофестиваліне қатысуы мәдени алмасуды тереңдетуге, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және кинематография арқылы халықтар арасындағы достық пен түсіністікті нығайтуға деген ұмтылысты көрсетеді. Бұл – өзара сенім, құрметке негізделген Шанхай рухының жарқын көрінісі.
Айта кетейік, фестиваль 7 шілдеге дейін жалғасады. Биыл негізгі байқау бағдарламасы – «Алтын камелияға» 10 елден 20 фильм енді. Қазір әр ел байқауға екі картинадан ұсынып жатыр.