Ұлттық киноны қолдау орталығы биыл бекітілген басым тақырыптарды жариялаған болатын. Осы жылы кинематография өкілдеріне ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, қоғамға қажет туындыларды таспалау ұсынылады. Басым тақырыптарға сай сценарийлер конкурстық іріктеуге қатысуға және сәтті өткен жағдайда мемлекеттік қаржыландыруға үміткер болуға мүмкіндік алады.
Конкурста келесі тақырыптар қамтылады:
- Тарих және оның құндылығы, көрнекті тұлғалар
- Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау
- Патриотизм, туған өлкенің көркем табиғаты
Басым тақырыптардың толыққанды тізімі орталықтың ресми сайтында қолжетімді.
«Кино – жай ғана өнер емес, ұлттық идеологияны қалыптастыратын құралдың бірі. Сондықтан Кино орталығы мемлекет қаржысына түсірілген кинода, ең алдымен, қоғамға қажет құндылықтардың дәріптелуіне баса назар аударуда. Ережеге сәйкес, сценарийлерді Сараптама кеңесі сүзгіден өткізеді. Киножобалар конкурсы жақындап қалды», – деді Кино орталығының Басқарма төрағасы Қ.Жұмағали.