Өткен жылы Ұлттық кино орталығы ұйымдастырған киножобалар питчингінен 18 жоба өткен болатын. Бастамалар сәтті жүзеге асуы үшін жұмыс барысын үздіксіз талқылау назардан түспеуі тиіс. Бұл ретте Кино орталығының Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали жоба авторларымен кезекті рет жүздесті.
«Бізде жауапкершілік үлкен, себебі бұл фильмдер мемлекет қаржысына түсірілуде, кейін сұрауы бар дүние екенін толық сезінеміз. Сондықтан әр фильм өзін-өзі ақтауға, көрермен көңілінен шығуға тиіс. Бұл – киногерлерге қойылатын басты талап. Ең бастысы, кинода қоғамға қажетті құндылықтар дәріптеліп, ұлттық мәселелер тысқары қалмауға тиіс», - деді Қ.Жұмағали.
Айта кету қажет, іріктеуден өткен 18 кинокартинаның қатарында лаңкесті тұтқындау кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасов туралы «Капитан Байтасов», күрделі әлеуметтік-психологиялық мәселелер көтерілген «Шырмауық», жастарды спортқа жетелеуге мотивация беретін «Қайрат», лудомания тақырыбындағы «Игроманка» фильмдері бар. Жобалардың түсірілімі аяқталып қалды. Бірқатары жыл соңына дейін көрерменді қуантатын болады.