Жаңалықтар

Түркістандықтар «Үміт сәулесіне» куә болды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында «Үміт сәулесі» қысқаметражды фильмінің көрсетілімі өтті. Шынайы оқиғаға негізделген драма Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.

Автобиографиялық фильм биыл Париждегі Паралимпиада ойындарында күміс медаль иеленген Ерғали Шамей жайында. Продюсер Жалын Тілеубергеннің айтуынша, фильмде Моңғолияда туған қандас Ерғалидің көзі көрмейді.

«Бірақ өмірге деген құлшынысы жоғары спортшы «үміт сәулесін» ешқашан сөндірмеу керектігін айтады. Жоба авторларының мақсаты да – көрерменге ертеңге деген сенімді ұялату», - дейді Ж.Тілеуберген.

Халықаралық кинофестивальдарда топ жарған фильм бұған дейін «Хабар» арнасынан да ұсынылды.
2024-10-21 12:13