Жаңалықтар

Конкурс – 2025: Кино орталығы кеңес береді

Ұлттық киноны қолдау орталығы алда жарияланатын киножобаларды іріктеу конкурсына байланысты консультация беретінін хабарлайды.

Қазіргі уақытта консультация жұмыстары басталды және кеңес беру конкурс аяқталғанға дейін телефон қоңыраулары, оффлайн кездесу және әлеуметтік желідегі кері байланыс арқылы жүзеге асады.

Қатысушылар ереже мен конкурстың әрбір кезеңі бойынша нақты ақпаратты 8(7172) 72 56 69 нөмірі бойынша және әлеуметтік желіде хабарлама қалдыру арқылы ала алады.

Сонымен қатар түсіндірме шаралары Астана қаласы, Мәңгілік ел №30 мекенжайы бойынша орналасқан орталық кеңсесінде өтеді. Ол жерде кеңесшілер киноиндустрия өкілдерін дүйсенбі-жұма күндері аралығында қабылдауға дайын.

Ақпараттық қолдау көрсету мақсатында конкурстың барлық кезеңіне қатысты мағлұматтар орталықтың kazakhcinema.kz интернет-ресурсында қолжетімді болады. Кері байланысты күшейту мақсатында әлеуметтік желілердегі kazakh.cinema ресми аккаунттарына да қажетті мәліметтер жарияланып отырады.

Естеріңізге сала кетейік, киножобалар байқауы 5 наурызда басталады. Бұған дейін, яғни 2024 жылы қаржыландырылатын ұлттық фильмдерді іріктеу ережесі өзгерді. Жаңа ереже 12 сәуір күні қолданысқа енді.

Бұған қоса биыл кино түсіруге арналған басым тақырыптар Орталық сайтына орналастырылды.