новости казакша

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ 2024 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялайды

«Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ 2024 жылға арналған киножобаларды іріктеу үшін басым тақырыптарды жариялайды



  1. Әлеуметтік маңызы бар ойын фильмдері:

- «Отбасы – мемлекеттің негізі» (қазіргі қазақстандық отбасының құндылықтары, бірлікке, білімге ұмтылу, өзара көмек беру, еңбек әулеттерін ілгерілету);

- «Табыс формуласы» (елдің жетістіктері - оның азаматтарының жетістіктері, ел азаматтарының өмірлік, кәсіби, шығармашылық табыстарының тарихы, көрнекті тұлғалардың қалыптасуы);

- «Заң және тәртіп» (заңдардың үстемдігін ілгерілету, заңдарды бұзудың салдары, қоғамдық тәртіпті сөзсіз сақтаудың маңыздылығы, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік, құқықтық тәртіп органдарының имиджін арттыру);

- «Балалар - біздің болашағымыз» (білімді, әділ, креативті ұрпақ идеясын, Отанға деген патриотизм мен сүйіспеншілікті, жастардың қоғамдық белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігін, ұлттық мүдделерге берілгендікті және елдің мемлекеттік рәміздеріне құрмет көрсетуді ілгерілету);

- «Адам және табиғат» (жануарларға деген сүйіспеншілік, флора мен фаунаны қорғау, табиғатқа ұқыпты қарау, экология мәселелері);

- «Этносаралық келісім» (Қазақстанның нағыз патриоты атанған түрлі ұлт өкілдерінің тарихы, еліміздің әр түрлі этностарының тарихы, достық пен өзара көмектің маңыздылығы туралы);

- «Өз-өзіне және қоғам алдындағы жауапкершілік» (өзін-өзі тану және қаһармандық, адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі, азаматтардың қаһармандығының шынайы тарихы туралы);

- «Ғылым және өмір» (еліміздегі ғылым саласындағы жаңалықтар мен жетістіктердің тарихы, әлемдік ғылым туралы);

- «Армия» (әскери қызмет, Отан мен отан қорғаушыларды тәрбиелеу, құтқару қызметтері жұмысының маңыздылығы, ерлік, қаһармандық, қайсарлық қасиеттерін дәріптеп баяндау);

- «Тарихи кино» (Қазақстанның, оның ішінде әлемдік аренадағы имиджін нығайтуға ықпал ететін ұлттық және әлемдік тарих оқиғалары, еліміздің дамуына және қалыптасуына үлес қосқан белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметінің тарихы (мерейтойлық күндер шеңберінде);

- «Спорт туралы фильмдер» (белгілі спортшылардың жетістіктері, спорт саласы, салауатты өмір салтын насихаттау туралы);

- «Мемлекеттік және ұлттық іс-шаралар мен мерекелерді насихаттау» (мерейтойларға, ресми, ұлттық мерекелерге және басқа да мерекелерге арналған);

- «Еңбек адамы» (дәрігерлердің, педагогтардың, құтқарушылардың, кеншілердің, орманшылардың және т. б. әлеуметтік маңызды кәсіптерді насихаттау).



  1. Анимациялық фильмдер:

- Отанға деген сүйіспеншілік;

- халық дәстүрлерін сақтау;

- отбасылық құндылықтарды қорғау, ата-ана мен бала тақырыбы;

- өскелең ұрпақта рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу, көшбасшылық, мақсат қоюды дәріптеу, мотивация беру;

- этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтай отырып, Қазақстанның мәдени бірегейлігін сақтау;

- достық пен өзара көмектің маңыздылығын дәріптеу;

- жануарларды қорғау, адам және табиғат қарым-қатынас туралы;

- мектептердегі жәбірлеу проблемасы.



  1. Деректі фильмдер, соның ішінде оқиғаларға қатысты фильмдер:

- көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстандағы бірлік;

- Қазақстанның тарихи-мәдени және табиғи мұрасы;

- қазіргі Қазақстан, саяси реформалар;

- халық дәстүрлерін сақтау;

- біздің арамыздағы батырлар;

- тарихи тұлғалар, мәдениет, ғылым және спорт қайраткерлері;

- мәдениет, ғылым және техника салаларындағы жетістіктер;

- экология және табиғи ресурстарды қорғау;

- ғылым және өмір;

- Қазақстан табиғатының ерекшеліктері;

- азаматтық қоғамды дамыту.



04.01.2024