Қазақстанның киносыншылар қауымдастығы отандық кино саласының үздіктерін анықтайтын «Сыншылар таңдауы – 2025» сыйлығының иегерлерін анықтады. Дәстүрлі марапатқа ие болған фильмдердің көпшілігі Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылғанын ерекше атай кету қажет.
Биылғы жылы сценарист һәм режиссер Әділхан Ержановтың «Дала қасқыры» картинасы басты номинациялар бойынша жеті бірдей марапатты қанжығасына байлады. «Үздік фильм-драма», «Үздік режиссер», «Үздік сценарий» (Әділхан Ержанов), «Үздік операторлық жұмыс» (Еркінбек Птыралиев), «Үздік суретші-қоюшы» (Ермек Өтегенов), «Үздік әйел рөлі» (Анна Старченко) және «Үздік ер рөлі» (Берік Айтжанов).
Фильм-Тамара есімді әйелдің жоғалған ұлын хаосқа толы шағын провинциялық қалада іздеп жүретін сәттерін бейнелейтін әлеуметтік драма. Ақиқатқа жету, ұлын табу үшін ол өткен өмірі күмәнді жеке детективтің көмегіне жүгінеді. Нәтижесінде күтпеген оқиғалар тізбегі мен шытырман оқиғаларды басынан өткереді.

Үздік сценарий үшін аталымы бойынша сыйлықты «Талақ» фильмі үшін Данияр Саламат алды. «Үздік композитор» санатында Байғали Серкебаев – «Стоп, ночь» картинасының музыкасы үшін ие болды. Бұл кино жас музыкант Бейбіт туралы романтикалық драма. Ол өзінің армандары мен отбасы алдындағы жауапкершілігі арасындағы тепе-теңдікті табуға ұмтылу жолында барын салатын кейіпкер. Фильм махаббат, шығармашылық, достық пен Алматы шахары туралы.
Фильмдегі үздік ән сыйлығы jeltoksan тобының Men de süyem композициясына берілді. «Алматы, я люблю тебя» фильм-альманахтында мегаполис тұрғындарының өмірі, сезімдері мен тағдырлары туралы қысқа әңгімелер жинағы топтастырылған.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы сыйлыққа ие болған жеңімпаздарын құттықтап, кино саласының дамуына ерекше үлес қосқан авторларға шығармашылық табыстар тілейді. Жеңімпаз атанған жұмыстар шын мәнінде көркемдік деңгейі өте жоғары екенін айта кету керек.